«Астана» велокомандасының шабандоздары Франциядағы біркүндік жарысқа қатысты
Францияда өткен 188 шақырымдық «Класика Фаун-Ардеш» біркүндік веложарысында «XDS Astana Team» командасының спортшылары бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңісті «Decathlon CMA CGM Team» сапындағы Пол Сейшас жеңіп алды. Ол қашықтықты 4 сағат 37 минут 22 секундта еңсерді. Екінші орынды «UAE Team Emirates-XRG» өкілі Ян Кристен иеленсе, үшінші болып «Bahrain Victorious» командасынан Ленни Мартинес мәреге жетті. Екі велошабандоз да жеңімпаздан 1 минут 48 секундқа қалып қойды.
Қазақстандық ұжым сапында ең үздік нәтижені Клеман Шампуссен көрсетті. Ол жарысты 15-орында аяқтап, жеңімпаздан 4 минут 40 секундқа қалып қойды. Кристиан Скарони 24-орынға тұрақтаса (+5:49), Николай Винокуров 38-ші, Диего Улисси 39-шы, ал Кристиан Родригес 41-ші болып мәреге жетті.
Сонымен қатар, «XDS Astana Team» өкілдері Пьер-Анри Бассет пен Антон Кузьмин жарысты аяқтай алмай, жолдан шығып қалды.
Фото: gettyimages.com
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған