457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана спортшылары 5 мыңнан астам медаль жеңіп алды

Оның ішінде 2 166 алтын, 1 804 күміс және 1 974 қола бар.

Былтыр Астана қаласының спортшылары 1400-ге жуық жарысқа қатысып, 5 мыңнан астам медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz

Оның ішінде 2 166 алтын, 1 804 күміс және 1 974 қола бар. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов мәлімдеді.

Қалада бұқаралық спортпен айналысатындар саны 627 мың адамға жетіп, бұл елорда халқының 43,6%-ын құрады. 2025 жылы Астанада 930 спорттық іс-шара өтті, оның ішінде халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі жарыстар бар.

Қазіргі таңда елордада 800-ден астам спорт нысаны жұмыс істейді, оның 36-сы – ірі спорт кешендері. Өткен жылы 60 аула спорт алаңы пайдалануға беріліп, бірқатар жаңа нысандар салынды. Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт кешені мен Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Астаналық спортшылар халықаралық ареналарда да табысты өнер көрсетті. Олар республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Спартакиадада бірінші орын алды.

Алдағы жылдары Астана ірі халықаралық жарыстарды қабылдайды. 2026 жылы қалада «Болашақ ойындары» мен жүзуден Әлем кубогының финалы, ал 2027 жылы бірнеше спорт түрінен әлем чемпионаттарын өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына Астанадан төрт спортшы қатысады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі