457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды

2027 жылы Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлемдік деңгейдегі екі ірі жарысты қабылдайды. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми жарыс күнтізбесінде жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бекітілген кестеге сәйкес, елордада алдымен 22-24 қаңтар аралығында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді. Ал 28–31 қаңтар күндері әлемнің үздік жас шорт-трекшілері әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Айта кетейік, Астана 2025 жылы да жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін жоғары деңгейде ұйымдастырып, халықаралық спорт қауымдастығының оң бағасына ие болған еді.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық конькишілер одағы 2027 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын да Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Аталған турнир 9-14 ақпан аралығында өтеді.

 

Фото: ҰОК