Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі мәресіне жетті
Елордада Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дүниежүзінің 43 елінен 200-ден астам спортшы қатысқан жарыс бес күн бойы төрт ойын кортында өтіп, бес санат бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Турнир аймақтағы ең ірі халықаралық бадминтон бәсекелерінің біріне айналып, халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылғанын, сондай-ақ тартысты бәсеке мен жоғары деңгейдегі шеберлікті көрсетті.
Жарыс нәтижелері
Аралас жұптар (Mixed Doubles):
1 орын — Bimo Prasetyo / Arlya Nabila Thesya Munggaran (Индонезия)
2 орын — Mihajlo Tomic / Andjela Vitman (Сербия)
3 орын — Ming Hong Lim / Stella Pan (Малайзия / АҚШ)
3 орын — Bhavya Chhabra / Vishakha Toppo (Үндістан)
Ерлер жұптары (Men’s Doubles):
1 орын — M. Ardianto / Rahmat Hidayat
2 орын — Rodion Alimov / Maksim Ogloblin
3 орын — A. Rayhan / D. Wahyudi
3 орын — A. Prasetya / Pulung Ramadhan
Әйелдер жұптары (Women’s Doubles):
1 орын — Polina Buhrova / Yevheniia Kantemyr (Украина)
2 орын — Lanny Tria Mayasari / Amallia Cahaya Pratiwi (Индонезия)
3 орын — Gabriela Stoeva / Stefani Stoeva (Болгария)
3 орын — Ji Young Bin / Koo Bo Eun (Корея Республикасы)
Әйелдер арасындағы жекелей сында (Women’s Singles):
1 орын — Thalita Ramadhani Wiryawan (Индонезия)
2 орын — Polina Buhrova (Украина)
3 орын — Dalila Aghnia Puteri (Индонезия)
3 орын — Tanya Hemanth (Үндістан)
Ерлер арасындағы жекелей сында (Men’s Singles):
1 орын — Muhamad Yusuf (Индонезия)
2 орын — Prahdiska Bagas Shujiwo (Индонезия)
3 орын — Enogat Roy (Франция)
3 орын — Daniil Dubovenko (Израиль)
Astana International Challenge 2025 турнирі Астананың халықаралық спорт алаңы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік бадминтон күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған