Асан Асылхан Айролода жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның фристайл-акробатшысы Асан Асылхан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз жекелей сында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, финалда 103.35 ұпай жинап, чемпион атанды.
Сонымен қатар, сол бағдарламада қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен күміс медальға ие болды. Қола медаль Беларусь өкілі Владислав Вазнюкке (92.00 ұпай) бұйырды.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған