Мәзір
Жаңалықтар

Әртістік жүзуден қазақстан спортшылары Азия біріншілігінен бес медаль иеленді

Сабина Асқарқызы 235 қаралым
Әртістік жүзуден қазақстан спортшылары Азия біріншілігінен бес медаль иеленді

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі алтын жүлде.

Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).

Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар