Артем Матусевич жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында (LM1x) жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, өз жарысында 7:07.75 уақыт нәтижесімен екінші орын иеленді.
Осы нәтижесінің арқасында Артем Матусевич әлем чемпионатының шешуші кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сындағы финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған