457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Арина Соболенко Елена Рыбакинаға қатысты пікір білдірді

«Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші отандасымызды 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын. 

Арина Соболенко Ухань қаласында өтіп жатқан «мыңдық» сериялы турнирдің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген соң өзінің жетістігі туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

«Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші отандасымызды 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын. 

Бұл жеңіс Соболенконың аталмыш турнирдегі ерекше көрсеткішін жалғастырды – ол алғашқы матчтарда қатарынан 20 рет жеңіске жетіп отыр. 

Ширек финалдағы жеңістен кейін Соболенко қытай жанкүйерлеріне деген ыстық ықыласын жеткізді.
«Мен мұнда ешқашан ұтылған емеспін. Бұл турнирді үш рет жеңіп алғанмын. Мұндай нәтижені қалай түсіндіруге болады? Шынымды айтсам, менің қытай жанкүйерлерімен ерекше байланысым бар сияқты. Әр ойнаған сәтімде өзімді үйдегідей сезінемін. Бұл – нағыз ғажайып», – деді ол кордтағы сұхбатында.

Фото: sports.kz