Ақтауда ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті
Ақтауда қоғам қайраткері Есен Күмісқалиұлын еске алуға арналған іс-шаралар аясында мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі және ардагерлер арасында республикалық волейболдан ашық турнир өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іс-шараға «Шағырай» қоғамдық қорының директоры Ерғали Жақсылықов, Есен Күмісқалиұлының жұбайы Жаңыл Қамысбаева, Атырау облысы Тұрғызба ауылынан келген інісі Дүйсенбай Кариев, сондай-ақ Атырау қаласынан келген туыстар мен жақындары қатысты.
Турнирге Астана, Атырау, Бейнеу, Жаңаөзен және Ақтау қалаларынан жалпы 7 команда қатысты. Бірінші топта Астана және Атырау командалары, екінші топта Бес Шоғы және ВК Каспий командалары екі топқа бөлініп сынға түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын – Астана командасы, 2-орын – Ақтау Бес Шоғы командасы, 3-орын – Атырау командасы, 4-орын – Ақтау ВК Каспий командасы иеленді. Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды, - деді Ерғали Жақсылықов.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған