АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде Шайдоров қысқа бағдарлама қола жүлде алды
Қазақстан құрама командасының жетекші мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров ISU Гран-при сериясының бесінші кезеңіндегі қысқа бағдарламада үшінші орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшы өз бағдарламасын сенімді орындады. Нәтижесінде Шайдоров 89,67 балл жинап, уақытша үшінші орынға табан тіреді. Одан жоғарыда жапон спортшысы Казуки Томоно (95,77) мен француз Кевин Эймоз (93,56) орналасқан.
Еркін бағдарлама 15 пен 16 қарашаға қараған түнде Қазақстан уақытымен өтеді. Лейк-Плэсидте өтіп жатқан бұл кезең Шайдоровтың биылғы Гран-при маусымындағы соңғы жарысы. Бұған дейін ол Қытайдың Чунцин қаласындағы кезеңде қола жүлдеге ие болған еді.
Фото: Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған