457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ-та Олимпиада чемпионы көлікті қауіпті жүргізгені үшін ұсталды

Полиция мәліметінше, спортшы сағатына 160 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүрген.

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ша’Кэрри Ричардсон АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында қауіпті көлік жүргізгені үшін полиция тарапынан ұсталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы TMZ басылымы жазып отыр. Полиция мәліметінше, спортшы сағатына 160 шақырымнан жоғары жылдамдықпен қозғалып, алдағы көлікке тым жақын келген және басқа жүргізушілерді басып озу үшін жолақтарды жиі ауыстырған. Қазіргі таңда Ричардсон қамауда отыр.

Бұл - спортшының заңмен алғашқы мәселесі емес. 2024 жылы ол өзінің сүйіктісі, жеңіл атлет Кристиан Коулманмен жанжалдан кейін шабуыл жасады деген айыппен де ұсталған.

Айта кетейік, Ша’Кэрри Ричардсон Париж-2024 Олимпиадасында 4×100 метрлік эстафетада алтын, ал 100 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алған. Ал 2021 жылы марихуанаға оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты USADA тарапынан шеттетіліп, Токио Олимпиадасына қатыса алмаған еді.

Фото: Getty Images