457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Испанияның Овьедо қаласында өткен клубтық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, екі мәрте қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметсінше, спортшы шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Ал лентамен орындалған бағдарламада 27.600 ұпай алып, тағы да қола медаль еншіледі.

Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жарыстың жалпы есебінде 4-орынға тұрақтады.

Бұл нәтиже қазақстандық гимнасттың халықаралық деңгейдегі тұрақты жетістігін жалғастырып, оның клубтық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

 

Фото: ҰОК