Мәзір
Жаңалықтар

Ақмарал Ерекешева Астанадағы халықаралық турнирде топ жарды

Сабина Асқарқызы 124 қаралым
Ақмарал Ерекешева Астанадағы халықаралық турнирде топ жарды

Астанада көркем гимнастикадан Alem Cup халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сеньорлар арасындағы көпсайыста қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева 112.350 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды оның командаласы Айым Мейіржанова (110.300) иеленсе, қола медаль италиялық Виола Селлаға (106.650) бұйырды.

Юниорлар арасындағы көпсайыста Қазақстан өкілі Анна Рубцова 100.750 ұпаймен топ жарды. Күміс жүлдені Линара Жайлауова (98.900) алса, үшінші орын италиялық Вероника Заппатеррениге (95.800) бұйырды.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар