Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас поул иегері атанды
Италиялық жас пилот Андреа Кими Антонелли Қытайда өткен Қытай Гран-приі іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, Формула‑1 тарихындағы ең жас поул-позиция иегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шанхайдағы Шанхай халықаралық автодромы трассасында өткен квалификацияда Mercedes командасының 19 жастағы пилоты үздік уақыт көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Осылайша Антонелли бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейін ең жас поул иегері атағы неміс шабандозы Себастьян Феттельге тиесілі болған. Ол 2008 жылы Италия Гран-приі кезінде 21 жасында поул алған еді.
Қытай Гран-приінің іріктеу жарысында екінші орынды Антонеллидің командаласы Джордж Расселл иеленсе, үшінші нәтижені Ferrari командасының пилоты Льюис Хэмилтон көрсетті.
Қытай Гран-приінің негізгі жарысы 15 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, маусымның алғашқы кезеңі 8 наурызда Мельбурн қаласында өткен болатын. Сол жарыста жеңісті Джордж Расселл жеңіп алса, Андреа Кими Антонелли екінші болып мәреге жеткен еді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған