Бүгін Жапония астанасы Токиода шинкиокушинкай каратэден 57-ші бүкіл Жапония ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, ерлер арасында абсолютті салмақта отандасымыз Анджей Кинзерский жеңіске жетті. Айта кетейік, ол – каратэнің осы түрінен бүкіл Жапония ашық чемпионатында 1-орын алған бірінші шетелдік спортшы.
Фото: СДД