Мәзір
Жаңалықтар

Анастасия Солодовникова III ТМД елдері ойындарының чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 221 қаралым
Анастасия Солодовникова III ТМД елдері ойындарының чемпионы атанды

Әзірбайжанның Ханкенді қаласында өткен садақ атудан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 
Классикалық садақ ату - Анастасия Солодовникова финалда Мария Тараярованы (Ресей) 6:4 есебімен жеңді.
Классикалық садақ ату - Қазақстан құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Анастасия Солодовникова) финалда Беларусь командасына есе жіберді (4-5).
Классикалық садақ ату - Қазақстан ерлер құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ, Рахымжан Қамар) финалда Ресей командасынан жеңілді (3-5).
Райымбек Майқыбаев жекелей сында қола жүлдеге таласта ресейлік спортшыға жол беріп, 4-сатыға жайғасты. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы сапында барлығы 6 мерген - Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ келіп, сынға түсті.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар