Мәзір
Жаңалықтар

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогінің жалпы есебінде екі мәрте үздік бестікке енді

Сабина Асқарқызы 77 қаралым
Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогінің жалпы есебінде екі мәрте үздік бестікке енді

Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы (FIS) фристайл-могулдан Әлем кубогының үздік спортшыларына арналған аралық рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жалпы есепте үздік ондыққа енді.

2026 жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында отандасымыз могул сайысында 150 ұпаймен бесінші орында тұр. Сондай-ақ параллель могулда 45 ұпай жинап, үздік бестік қатарында келеді.

Әлем кубогының жалпы рейтингінде Анастасия Городко 195 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарынан кейін Әлем кубогының тағы үш кезеңі өтеді. Соның бірі Алматы қаласында ұйымдастырылады.

Осы маусымда Городко Әлем кубогы кезеңдерінде бес рет үздік ондыққа енді, оның ішінде екі мәрте бесінші орын иеленді. Сонымен қатар, спортшы Францияда өткен халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар