Мәзір
Жаңалықтар

Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдесіз қалды

Сабина Асқарқызы 34 қаралым
Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдесіз қалды

Испанияның Алькобендас қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында бақ сынады.
Әмір Маймұратов 1/8 финалға дейін жетіп, 13-орынға тұрақтады. Дамир Тоқтаров та ширек финал жолдамасы үшін сынға түсуі керек болған, алайда жарыс жолына шыққан жоқ. Нәтижесінде ол 16-орынды иеленсе, Әлішер Мұрат 33-сатыдан көрінді.
Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 22-нәтиже көрсетті. Анна Баларшина 27-орын алса, Арина Новицкая 36-орынға жайғасты.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар