«Аминиада-2025» турнирі өз мәресіне жетті
Ақтауда КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, атақты жерлесіміз Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған республикалық жеңіл атлетика турнирі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы «Аминиада-2025» сайысы ерекше форматта ұйымдастырылды. Жарыс осымен он бесінші рет өтіп, 2010 жылдан бері еліміздің ең ірі жеңіл атлетика бәсекелерінің біріне айналып отыр.
Турнирге 2010–2011 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысты. Жарыс кезінде жеңіл атлеттер 100, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жүгіру, ұзындыққа және үш қарғып секіру, найза мен ядро лақтыру, сондай-ақ эстафета мен аралас эстафета секілді 10-нан астам бағытта сынға түсті.
Сайысқа Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 200-ге жуық атлет қатысып, бұл көрсеткіш аталған жас ерекшелігі бойынша спорттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
Турнирдің құрметті қонақтарының қатарында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина мен жеңіл атлетика ардагері Қуандық Елжанов жас спортшыларға қолдау білдіріп, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Отбасылық жағдайына байланысты жарысқа келе алмаған Әмин Тұяқовтың есімі мен спорттағы ерлігі жастар үшін үлгі болып қала береді.
Биылғы турнирдің тағы бір ерекшелігі – жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар табысталды. Ұйымдастырушылар келер жылы қатысушылар санын 300-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Фото: ҚР жеңіл атлетика федерациясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған