457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Америкалық хоккейші Чейз Приски «Барысқа» ауысады

Новосібірдің «Сібір» клубында өнер көрсеткен 30 жастағы хоккейші жуық арада елордалық команда сапына қосылуы мүмкін.

Астананың «Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшарт жасасуға жақын. Бұл туралы белгілі ресейлік инсайдер Артур Хайруллин мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналистің айтуынша, бұған дейін Новосібірдің «Сібір» клубында өнер көрсеткен 30 жастағы хоккейші жуық арада елордалық команда сапына қосылуы мүмкін.

Чейз Приски кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізген. Ол Америка хоккей лигасында (AHL) «Шарлотт Чекерс», «Сиракьюс Кранч», «Херши Бэрс» және басқа да клубтардың намысын қорғаған. Сондай-ақ Ұлттық хоккей лигасында (NHL) «Флорида Пантерз» сапында төрт матчқа қатысқан.

Өткен маусымда Приски Құрлықтық хоккей лигасында (KHL) «Сібір» құрамында тұрақты чемпионаттың 50 ойынында мұзайдынға шығып, 24 (4 гол және 20 нәтижелі пас) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде бес матч өткізгенімен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Егер келісім ресми түрде рәсімделсе, тәжірибелі америкалық қорғаушы «Барыстың» жаңа маусым алдындағы ең маңызды трансферлерінің біріне айналмақ.

Фото: ашық дереккөзден