Америкалық гроссмейстер Дэниэл Народицкийдің өліміне қатысты мәлімет жарияланды
Америкалық шахмат гроссмейстері Дэниэл Народицкий есірткі қоспасынан кездейсоқ улану салдарынан көз жұмған. Бұл туралы TMZ порталына Солтүстік Каролина штатындағы сот-медициналық сараптама бюросының басшылығы хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Народицкийдің ағзасынан метамфетамин мен амфетаминнің қосындысы, сондай-ақ опиоидтық қасиеті бар митрагинин анықталған. Дәл осы заттар өлімге себеп болған коктейль құрамында болған.
Дэниэл Народицкий 9 қараша күні 30 жасында қайтыс болды. Ол кезде өлімнің нақты себебі ресми түрде айтылмаған еді.
Народицкий — АҚШ-қа КСРО-дан көшіп барған отбасында дүниеге келген. Ол 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанып, АҚШ чемпионаттарына қатысқан. Шахмат тақырыбында кітаптар мен мақалалар жазып, жас ойыншыларды жаттықтырған. Оның YouTube арнасына 480 мыңнан астам адам жазылған.
Фото: charlottechesscenter.org
Қайтыс болған сәтінде FIDE рейтингінде Дэниэл Народицкий 151-орында тұрса, АҚШ шахматшылары арасында 17-орынды иеленген.
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған