457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Америкалық боксшы нокауттан кейін жасанды комаға түсті

Кездесудің бірінші раундының ортасында Сио қарсыласының бірнеше соққысын өткізіп алып, рингке құлаған.

Айсис Сио нокауттан кейін жасанды комаға енгізілді. Бұл туралы ProBox TV мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

19 жастағы спортшы 21 наурыз күні АҚШ-тың Сан-Бернардино қаласында өткен жекпе-жекте отандасы Джослин Камарильо қарсыласынан жеңіліс тапқан. Кездесудің бірінші раундының 78-секундында Сио қарсыласының бірнеше соққысын өткізіп алып, рингке құлаған.

Оқиғадан кейін боксшы дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер оны жасанды комаға енгізіп, жағдайын бақылауда ұстап отыр.

«Айсис Сионың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Қазіргі уақытта ол жасанды кома жағдайында», - деп жазылған мәлімдемеде.

Айсис Сио аса жеңіл салмақта (49 келіге дейін) өнер көрсетеді. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткішінде 1 жеңіс және 3 жеңіліс бар. 

Фото: Getty Images