Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионаты: Нұрсұлтан Жұбатқан чемпион атанды

Өзбекстанның Үргеніш қаласында өткен әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Жұбатқан көк туымызды желбіретті, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл сында Нұрсұлтан Жұбатқан Ресей, Иран,Түркия және Молдова спортшыларын басып озып, ақтық сында өзбек палуаны Камбаралиев Куюошбекті жеңді. Нәтижесінде - екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жұбатқан – әмбебап жекпе-жектен ересектер арасындағы 2 дүркін чемпион атанған тұңғыш маңғыстаулық спортшы болып отыр.
Сондай-ақ, 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айсерік Сейілханов алғашқы айналымдарда АҚШ, Корея, Ауғанстан және Тәжікстан спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алған еді. Ал шешуші сында өзбекстандық Шамсуддин Тожибоевпен күш сынасып, нәтижесінде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.


Ең көп оқылған
