457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алуа Нұрман Токиода өткен WR Women’s Chess Tour кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Жапонияның Токио қаласында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 сериясының алғашқы кезеңі – Tokyo Asian Leg турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Рапид форматында Алуа ширек финалда Болгария гроссмейстері Антуанетта Стефанованы, ал жартылай финалда әлемдік деңгейдегі шахматшы, гроссмейстер Катерина Лагноны жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің жеңімпазы, үндістандық гроссмейстер Вайшали Рамешбабумен ойнап, 0,5:1,5 есебімен жол берді.

Осылайша, Алуа Нұрман 8 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

 

Фото: Шахмат федерациясы