Altaic Cup: Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде 18 медаль жеңіп алды
Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 18 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан қоржынына төрт алтын медаль түсті. Чемпион атанған спортшылар қатарында Самирхон Абабакиров (63 кг), Бейбарыс Қаблан (87 кг), Айша Әділбекқызы (62 кг) және Назым Махмұтова (73 кг) бар.
Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес (58 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Нодира Ахмедова (53 кг) және Аяулым Асқар (67 кг) иеленді.
Ал қола медальдарды Баходир Шапулатов (54 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Бауыржан Хасенов (87 кг), Нұрайым Жұмабек (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Аружан Найманбаева (67 кг), Нұрлы Кеңесбек (73 кг) және Ақсәуле Ерқасымова (73 кг) жеңіп алды.
Айта кетейік, турнир бүгін де жалғасады. 23 маусымда жарыс жолына жастар құрамалары шығып, өзара мықтыны анықтайды.
Фото: Таеквондо федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған