Мәзір
Жаңалықтар

Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Сабина Асқарқызы 125 қаралым
Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтіп жатыр

16 наурызда Алматы қаласында Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшылары да бар.

Атап айтқанда, жарыста Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская сынды спортшылар өнер көрсетеді.

Жарыс барысында командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптар санаттарында медальдар сарапқа салынады.

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты 22 наурызда мәресіне жетеді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар