457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды

Ауқымды халықаралық турнир Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде өтеді.

19-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында шахматтан кадеттер (U8, U10, U12 жас санаттары бойынша) арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ауқымды халықаралық турнир Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде ұйымдастырылған.

Аталған жарысқа әлемнің 84 елінен 800-ден астам жас шахматшы тіркеліп үлгерді. Үндістаннан – 28, Қытайдан – 25, АҚШ-тан – 24 спортшы қатысады. Турнир иесі ретінде Қазақстан 200-ден астам қатысушыны ұсынды.

Шетелдік жарыстарға қатысу – көптеген жас спортшылар үшін қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан оңай емес. Сондықтан бұл чемпионат отандық шахматшыларға халықаралық аренада өзін көрсетуге, рейтингін көтеруге және тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан сапынан жарысқа қатысатын басты үміткерлер:

U8 санаты:

Әдинұр Әділбек (1837)

Алиша Бисалиева (1744)

U10 санаты:

Әміржан Әнетов (2081)

Ризат Ұлан (2062)

Сымбат Жетпіс (1761)

Милана Филиппова (1755)

U12 санаты:

Аланна Берікқызы (2162)

Жансая Шолпанбек (2084)

Данис Қуандықұлы (2211) — 2023 жылғы әлем чемпионы

Нұралы Болашақов (2209)

Соңғы жылдардағы жетістіктер:

2024 жылы Италияның Монтесильвано қаласында өткен әлем чемпионатында Аланна Берікқызы мен Марк Смирнов чемпион атанды, ал Ханзада Аманжол күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан 2 алтын және 1 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

2025 жыл да табысты болды. Наурыз айында Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында Абдул-Мәлік Қайрат, Алиша Бисалиева және Әлімжан Жауынбай алтын медаль иеленді. Нұрислам Сұлтанхан күміс жүлдегер атанды.

Шілде айында Батуми қаласында өткен Әлем кубогында Алиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек жүлдегер атанды. Тамызда Данис Қуандықұлы Колумбияда өткен жасөспірімдер олимпиадасында қола жүлде алды. Сонымен қатар, АҚШ-та өткен мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына Данис Қуандықұлы, Ахмедияр Сүгіралиев, Аманбек Өтетілеу және Нұрсая Жұмабек қатысты.

Фото: Ашық дереккөзден