457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда Денис Теннің есіміне көше берілді

Алматы қаласында қазақстандық даңқты мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің есіміне көше аты берілді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Тиісті қаулыға Алматы қаласының әкімдігі қол қойды. Құжатқа сәйкес, жаңа атаулар Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы көшелерге берілді.

Денис Тен атындағы көше Бостандық ауданындағы «Архат» шағын ауданында орналасқан.

Денис Тен – Қазақстан спорты тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Ол 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері атанып, елімізге мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада медалін сыйлады.

Сондай-ақ 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы және 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың чемпионы болды.

Денис Тен халықаралық аренадағы табыстарымен Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортының дамуына зор үлес қосып, жас спортшыларға үлкен мотивация берген тұлға ретінде есте қалды.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

Фото: @denisten_academy