Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынады
Алматы облысында заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару тетігі аясында 1,1 млрд теңгеге спорт кешені салынуда. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Әдиахметов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңірде 3 спорт кешенінің құрылысы қатар жүргізіліп жатыр.
Кеген ауданының Жалағаш ауылында 50 орындық спорт кешенінің құрылысы 60 пайызға аяқталған. Нысанды 2026 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жоба құны — 1,1 млрд теңге, қаржы қайтарылған активтер есебінен бөлінген.
Сонымен қатар Жамбыл ауданы Тарғап ауылында 70 орындық спорт кешенінің құрылысы 30 пайызға орындалған. Нысанның ашылуы 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.
Ал Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 70 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 25 пайызға аяқталған. Бұл кешен 2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға берілмек.
Жансерік Әдиахметовтің мәліметінше, қазіргі таңда Алматы облысында жалпы 1891 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде:
1193 нысан білім беру ұйымдарында орналасқан,
195 нысан спорт мектептеріне тиесілі,
503 нысан жеке спорттық объектілер қатарына кіреді.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған