Мәзір
Жаңалықтар

Алматы облысында ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді

Сабина Асқарқызы 161 қаралым
Алматы облысында ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді

17–19 қазан күндері Алматы облысындағы «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Үш күнге жалғасатын жарыста медальдар балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында сарапқа салынады.

Бұдан бөлек, турнир бағдарламасына Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) сынақтары енгізілген.

Айта кетсек, атпен мәнерлеп жүру — бұл шабандоз бен жылқының өзара үйлесімді әрекетіне негізделген спорт түрі. Мұнда қозғалыстың ырғақтылығы, тепе-теңдігі және дәлдігі бағаланады. Сондықтан бұл спортты жиі «жылқы үстіндегі балет» деп те атайды.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар