ММА саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф UFC-де өтетін қазақстандық файтер Әліби Ыдырысқа (10–1) пен ямайкалық Оде Осборн (13–9) арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Маманның айтуынша, бұл кездесуде Алиби Идрис фаворит саналғанымен, қарсыласын да елемеуге болмайды.
«Әліби Ыдырыстың деңгейі жоғары және жеңіске жетуі тиіс. Алайда Оде Осборнға бұл жеңіс өте қажет. Ол соңғы төрт жекпе-жегінің тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Сондықтан бұл айқас оның өзі үшін де аса қауіпті болуы мүмкін», - деді Марсель Дорфф.
Айта кетейік, жекпе-жек 21 ақпанда АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирі аясында жоспарланған.
Еске сала кетсек, Әліби Ыдырыс биыл UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter (TUF) іріктеу реалити-шоуына қатысқан. 17 тамызда өткен финалда ол америкалық Джозеф Моралеске (14–2) жол бергенімен, біраз уақыттан кейін UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды.
Фото: Ашық дереккөзден