457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әліби Ыдырыс UFC-де бақ сынауды көздейді

Кездесу 21 ақпанда Хьюстон (АҚШ) қаласында өтетін UFC турнирінің бағдарламасына енгізілген.

NAIZA ұйымында ең жеңіл салмақта чемпион атанған қазақстандық файтер Әліби Ыдырыстың әлемдегі жетекші ММА лигасындағы алғашқы жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

El.kz интернет порталының жазуынша, ММА сарапшысы Марсель Дорфф хабарлағандай, Әліби өз дебютінде ямайкалық спортшы Оде Осборнмен (13-9) октагонға шығуы тиіс. Кездесу 21 ақпанда Хьюстон (АҚШ) қаласында өтетін UFC турнирінің бағдарламасына енгізілген.

Айта кетсек, Осборн 2023 жылдың 5 тамызында тағы бір қазақстандық Асу Алмабаевпен (23-3) кездесіп, сол жекпе-жекте екінші раундта техникалық жеңіліспен ұтылған еді.

Еске сала кетейік, тамыз айында Әлібидің Джозеф Моралеспен өткізген айқасында UFC-мен келісімшарт мәселесі тұрған болатын. Сол кезде Әліби UFC 319 іріктеу кезеңінде жеңілгеніне қарамастан, промоушен оның әлеуетін жоғары бағалап, төрт жекпе-жекке арналған келісімшарт ұсынған.

Фото: Найза лигасы