Әли Әлиев «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстандық маман Әли Әлиев елордалық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб басшылығының шешімімен 45 жастағы маман енді команданың техникалық директоры қызметін атқарады.
Жаңа лауазымында Әли Әлиев клубтың спорттық құрылымын дамытуға, селекциялық жұмыстарды үйлестіруге, футболшыларды даярлау әдістемесін жетілдіруге және ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға жауапты болады.
«Жеңіс» клубының басшылығы Әли Әлиевтің мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі клубтың алдағы дамуына және алға қойған мақсаттарының орындалуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Ал команданың жаңа бас бапкерінің есімі кейінірек жарияланатыны хабарланды.
Әли Әлиевтің жетекшілігімен «Жеңіс» биылғы Қазақстан Премьер-лигасында 20 матчтан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.
Сондай-ақ елордалық ұжым Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жетті. Алайда алғашқы кездесуде Қызылорданың «Қайсар» клубына 1:3 есебімен есе жіберді.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған