457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлемнің үздік шахматшыларының бірі жарысқа қатысудан бас тартты

Әлемнің үздік шахматшылары қатысатын турнир 28 наурызда Кипрде басталады.

Үндістандық шахматшы Хампи Конеру қауіпсіздік мәселелеріне байланысты FIDE үміткерлер турнирі жарысынан бас тартты, деп жазады malimsports.kz

Әлемнің үздік шахматшылары қатысатын турнир 28 наурызда Кипрде басталады. Алайда Конеру X әлеуметтік желісінде жеке қауіпсіздігін алға тартып, жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді.

Турнир Пафос қаласының маңындағы курорттық аймақта өтеді. Бұған дейін 38 жастағы шахматшы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Кипрге баруды қауіпті деп бағалаған. Наурыз айының басында Кипрдегі Ұлыбританияның Акротири әскери әуе базасына дронмен шабуыл жасалғаны хабарланған.

«Қаншалықты маңызды болса да, ешбір жарыс адамның қауіпсіздігі мен амандығынан жоғары тұрмайды. Берілген кепілдіктерге қарамастан, қазіргі жағдайда өзімді толық қауіпсіз сезінбеймін», - деп жазды Конеру.

Хампи Конеру - FIDE рейтингінде әйелдер арасында бесінші орында тұр. Ол рапид шахматтан екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2024) және 2003 жылғы Азия чемпионы.

Айта кетейік, үміткерлер турнирінің жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен титулдық матч өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Фото: Ашық дереккөзден