Мәзір
Жаңалықтар

Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Қазақстанға келетін болды

Сабина Асқарқызы 102 қаралым
Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Қазақстанға келетін болды

Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу Астанада бәрібір де ұйымдастырылатын болды. Этери Тутберидзе командасы шоуы 1 мамыр күні елордада өтеді.

Бұл ақпаратты команданың ресми Telegram-арнасы жариялады.

Бұған дейін шоу «Барыс Арена» тарапынан келісімшарттың біржақты бұзылуына байланысты өтпейтіні белгілі болған еді. Алайда мәселе оң шешімін тапты.

«Барлық туындаған мәселелерді шешуге көмектескені үшін Қазақстан басшылығына алғыс айтамыз. Құрметті көрермендер, міндетті түрде келіңіздер, сіздерді жарқын әрі ұмытылмас шоу күтіп тұр!» - делінген хабарламада.

Еске салайық, шара 1 мамыр күні Астана қаласында өтеді. Мұз айдынында әлемге танымал спортшылар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Алина Загитова, Евгения Медведева, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және Элизабет Тұрсынбаева бар.

Қатысушылар көрермендерге арнайы жаңа қойылымдар, жұптық нөмірлер және ультра-си элементтерімен әсерлі секіру батлын ұсынбақ.

Фото: әлеуметтік желі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар