Әлем рекордшысы Дюплантис 2023 жылдан бері алғаш рет алтынсыз қалды
Сырықпен секіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арман Дюплантис Швецияның Стокгольм қаласында өткен «Гауһар лига» кезеңінде жеңіс тұғырынан көріне алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Швециялық спортшы жарысты 6 метр биіктіктен бастады, алайда бұл межені екі мәрте бағындыра алмады. Кейін 6,05 метрге жасаған талпынысы да сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде Дюплантис 5,80 метр көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болды. Осылайша оның қатарынан 40 жарыстағы жеңісті сериясы үзілді.
Жарыстан кейін спортшы жанкүйерлерден кешірім сұрап, қазіргі уақытта басты назарын жеке өміріндегі маңызды оқиғаға – үйлену тойына аударып жүргенін айтты. Бұл туралы Sweden Herald басылымы хабарлады.
Жарыста алтын медальді 5,90 метр нәтижемен аустралиялық Кертис Маршалл жеңіп алды. Ал қола жүлде 5,80 метр көрсеткен француз спортшысы Баптист Тьериға бұйырды.
Фото: Lintao Zhang / Getty Images
Ең көп оқылған