457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы жасөспірімдер кезеңінде топ жарды

Алина Дауранова нео-сеньорлар санатында 500 метрде алтын медаль ел қоржынына салды.

Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан құрамасы ірі турнирде табысты өнер көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды.

Кристина Шумекова үш мәрте топ жарып, 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықтарда чемпион атанды. Алина Дауранова нео-сеньорлар санатында 500 метрде алтын медаль ел қоржынына салды.

Нео-сеньорлар арасында 1000 метрде Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс медаль иеленді. Қола жүлделерді Алина Дауранова мен Андрей Семёнов жеңіп алды. Инесса Шумекова 500 метр қашықтықта екінші орынға көтерілді, ал Дмитрий Осипенко 1500 метрде тағы бір күміс медаль жеңіп алды. Абылайхан Қайырғазы масс-стартта екінші болып мәре сызығын кесті.

Фото: ҰОК