ALEM CUP: Астанада халықаралық турнирлер сериясы өтеді
Астанада 1000-нан астам спортшы қатысатын ALEM CUP халықаралық көркем гимнастика турнирлерінің ауқымды сериясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстар халықаралық талаптарға толық сай келетін Qazaqstan Athletics спорт кешенінде өтеді.
Турнирлер кестесі:
1. FIG ALEM CUP (8-10 наурыз)
Бұл кезеңге Қазақстан, Италия, Кипр, Сирия, Канада және Қырғызстаннан 60-тан астам лицензияланған гимнаст қатысады. Турнир International Gymnastics Federation (FIG) ресми лицензиясы бар спортшылар арасында өтеді. Аталған жарыс ұлттық құрамалардың үздік өкілдерін жинап, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң саналады. Салтанатты ашылу рәсімі 8 наурызға жоспарланған.
2. ALEM CUP республикалық турнирі (9-10 наурыз)
Қазақстанның 200-ден астам гимнасы спорт шеберлері бағдарламасы бойынша сынға түседі. Бұл турнир жоғары деңгейлі спортшылар үшін маңызды ұлттық дода әрі ел құрамасының резервін қалыптастыруға ықпал етеді. Ашылу салтанаты 9 наурызда өтеді.
3. ASTANA CUP және ALEM BABY CUP (7-8 наурыз)
Бұл халықаралық жарыстарға Израиль, Ресей, Канада, Португалия, Армения және Қазақстаннан шамамен 800 гимнаст қатысады.
Турнирлер барлық жас санатын қамтиды – алғашқы қадамын жасап жатқан жас спортшылардан бастап жоғары разрядтағы гимнастарға дейін. Жарыстар бұқаралық спортты дамытуға, көркем гимнастиканы кеңінен насихаттауға және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Іс-шаралар Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстанның Ұлттық гимнастика федерациясы және қалалық гимнастика федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында жаңа маусым басталады
Ең көп оқылған