Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов мотивациялық кездесу өткізді

Жаңаөзен қаласында бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен жастардың мотивациялық кездесуі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іс-шара «Чемпионға 100 сұрақ» атауымен TEDx форматында ұйымдастырылды. Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың өмірлік жолымен таныстыруды мақсат еткен кездесуге қала жастары, спорт сүйер қауым мен жас спортшылар қатысты.
Іс-шара ең алдымен Оқушылар шығармашылық үйінің алаңында басталды.
Салтанатты сәтте қала әкімі чемпионға тұлпар мінгізіп, ал ең алғашқы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде Бекзат Нұрдәулетов қала басшылығына және жерлестеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында спортшы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды табандылыққа, еңбекқорлыққа және алға қойған мақсатқа жету үшін аянбай тер төгуге шақырды.
Фото: ҚР бокс федерациясы


Ең көп оқылған
