Мәзір
Жаңалықтар

Әлем чемпионатының финалына үш қазақстандық гимнаст өтті

Сабина Асқарқызы 77 қаралым
Әлем чемпионатының финалына үш қазақстандық гимнаст өтті

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші орынға ие болып, финалға жолдама алды. Сонымен қатар, кермедегі жаттығуда 14.200 ұпаймен ақтық сынға өтті.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы іріктеу кезеңінде қарсыластарын басымдылықпен басып озып, 14.700 ұпай жинап, бірінші орын алды.

Ат снарядындағы жаттығудың финалында Зейнолла Ыдырысов та 14.300 ұпаймен өнер көрсетеді.

Ал Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов финалға өте алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулардың финалы 24 қазанда өтсе, кермедегі жаттығу бойынша жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар