Мәзір
Жаңалықтар

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын гимнасттар белгілі болды

Сабина Асқарқызы 47 қаралым
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын гимнасттар белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.
Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.
Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар