457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: футболшылардың ең үлкен легі қай лигаға тиесілі?

Англия Премьер-лигасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына ең көп ойыншы жіберетін лига ретінде көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

L’Equipe дерегіне сәйкес, АҚШ, Канада және Мексикада өтетін мундиальға 48 ұлттық құрама қатысып, жалпы 1248 футболшы тіркелген. Солардың ішінде 166 ойыншы Англия Премьер-лигасы клубтарында өнер көрсетеді. Бұл көрсеткіш барлық ұлттық чемпионаттар арасындағы ең жоғары нәтиже болып отыр.

Екінші орында Германия Бундеслигасы орналасқан – турнирге 101 футболшы қатысады. Үздік үштікті Испанияның Ла Лигасы түйіндейді (82 ойыншы). Одан кейін Франция Лига 1 (81), Италия Серия А (66) және Сауд Арабиясының Про-лигасы (46) келеді.

Сондай-ақ АҚШ MLS пен Түркия Суперлигасынан 43 ойыншыдан шақырту алған. Үздік ондыққа Англия Чемпионшипі (37) және Нидерланды Эредивизиясы (34) да енген.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш мемлекетте – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Тарихта алғаш рет турнирге 48 ұлттық құрама қатыспақ.

 

Фото: x.com/FIFAcom