457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александрa Скороходова тау шаңғысынан FIS турнирінде үздік ондыққа енді

Бұл жарыста ел намысын Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады.

Қазақстан құрамасы тау шаңғысы спортынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл жарыста ел намысын Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады. Сондай-ақ олар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында сегізінші орынға тұрақтады. Ал супер гигантта қазақстандық спортшы алтыншы орынға ие болды.

Ерлер арасында Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсуде екі мәрте бақ сынап, 12 және 15-орындарға жайғасты. Ал супер гигантта 23-ші нәтиже көрсетті.

Фото: ҰОК