Мәзір
Жаңалықтар

Александра Скороходова Италиядағы турнирде топ жарды

Сабина Асқарқызы 54 қаралым
Александра Скороходова Италиядағы турнирде топ жарды

Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз алып слалом сайысында үздік шығып, алтын жүлдені ел қоржынына салды. 

Екінші орынды канадалық Симона Сент-Пьер алса, қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталатынын хабарлағанбыз. Аталған додада Қазақстан құрамасының сапында Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина бақ сынайды.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар