Финляндияның Леви қаласында тау шаңғы спортынан өткен Levi FIS Race халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл додаға Қазақстан құрамасының атынан Александра Скороходова қатысып, слалом жарысында бесінші нәтиже көрсетіп, үздік бестіктің қатарынан көрінді.
Жарыстың жеңімпазы атанған – АҚШ спортшысы Анника Йоханссон. Күміс медальді фин спортшысы Киа Суни иеленсе, Норвегия өкілі Гранде Брусет үздік үштікті қорытындылады.
Фото: ҰОК