Мәзір
Жаңалықтар

Александр Стубб: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»

Сабина Асқарқызы 102 қаралым
Александр Стубб: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»

Финляндия президенті Александр Стубб өз үйінде Александр Винокуровтың қолтаңбасы бар "Астана" велокомандасының жейдесі құрметті орында тұрғанын айтты malimsports.kz. 

"Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде - ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр", - деді Александр Стубб. 

Еске салайық, бүгін Ақордада Финляндия президенті Александр Стуббтың ресми қарсы алу рәсімі өткен болатын. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар