Қазақстандық жүзгіш Александр Румынский Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үштікке енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алып, шешуші кезеңде 02:03.97 уақыт көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.
Бұл жарыста алтынды Тайбэй спортшысы Ю-тен Хуан (02:01.96) жеңіп алса, күміс медальды қытайлық Шици Цзи (02:02.57) иеленді.
Фото: ҰОК