Мәзір
Жаңалықтар

Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Екінші айналымда әлемнің 11-ракеткасына қарсы жергілікті теннисші, ATP рейтингінде 77-орында тұрған Ян-Леннард Штруфф кортқа шықты. Үш сетке созылған тартысты кездесу 1 сағат 45 минутта қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды — 7:6, 3:6, 6:2. Матч барысында Бублик 22 рет эйс жасап, 2 қос қателік жіберді және иеленген 7 брейк-поинттың екеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Александр Бублик әлемнің 93-ракеткасы,  франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар