457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Бублик ATP рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко бірден сегіз сатыға жоғарылап, 76-орынға көтерілді.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы – ATP ерлер арасындағы жекелей және жұптық санаттағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп жазады malimsports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында әлемнің 11-ракеткасы ретіндегі орнын сақтап қалды. Ал тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко бірден сегіз сатыға жоғарылап, 76-орынға көтерілді.

Амир Омарханов Тунисте өткен турнирдегі жеңісінен кейін 168 позицияға жоғарылап, 603-орынға жайғасты.  

Әлемдік рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Екінші орында италиялық Янник Синнер, ал үшінші орынға германиялық Александр Зверев көтеріліп, сербиялық Новак Джоковичті артта қалдырды.

Жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы атанған аргентиналық Орасио Себальос болды.

Айта кетейік, бұған дейін WTA да әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингін жариялаған еді.

Фото: Getty Images