Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Хельсингборгте (Швеция) өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы U19 жас санатында үздік атанды.
Турнир барысында Алан Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обада Таббахты (Швеция) 3:0, Балаж Поорды (Мажарстан) 3:1, Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) 3:2, Ян Мругаланы (Польша) 3:0 және Йохан Хавстинді (Дания) 3:1 есебімен жеңді.
Финалда Құрманғалиев польшалық Самуэль Михнаны 3:1 есебімен ұтты.
Айта кетерлігі, бұл жеңісі үшін қазақстандық теннисші рейтингке 1000 ұпай еншіледі.
Фото: ҰОК
ӘЧ-2026: Ирак шабуылшысы АҚШ әуежайында жеті сағат бойы тексерістен өтті
Ең көп оқылған